Бағдарлама
Бағдарлама кестесі
Негізгі күндер
Өтінім беру мерзімі:
20.04.2026 23:59 дейін
Мектепке өткен қатысушы студенттерді хабарлау:
27.04.2026 ж.
Қатысушылармен құжаттарға қол қою:
01-10.05.2026 ж
Оқу бағдарламасының басталуы:
13.05.2026 ж
Оқу бағдарламасын аяқтау:
13.09.2026 ж
Бағдарлама жайлы
Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы 2026 жылдың 13-мамырынан бастап төрт айға созылады.
Алғашқы үш айда студенттер композиция, сәулет өнері, object making, сыни оқу және жазу негіздерімен танысып, топтық тапсырмалар арқылы көркемдік мәселелерді шешіп, түрлі мамандардың дәрістеріне қатысып, суретшілер студияларына және мұражайларға барып, суретшілермен, сәулетшілермен, дизайнерлермен, гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі салаларындағы сарапшылармен, жүн, киіз бен саздан жасалған дәстүрлі қолөнер шеберлерімен кездеседі.
Төртінші ай студенттердің жобаларын аяқтау үшін студиялық жұмысқа арналған уақыт болады.
Осыдан кейін студенттер өздерінің қорытынды жобаларын Алматының мәдени саласынан тәуелсіз сарапшылар мен көпшілікке алдында таныстыратын болады.
Бөлме бағдарламасы оқудың барлық кезеңінде жабдықталған шеберханада жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Шеберхана студенттерге кез келген уақытта қолжетімді болады және дәстүрлі материалдармен жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерден кеңестер алуға мүмкіндік болады.
Теория мен практикадан тыс, студенттер (1) Бішкекке (Қырғызстан) және (2) Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) пен Ташкентке (Өзбекстан) екі зерттеу сапарына қатысады.
Бағдарламаның негізгі дәрістері
Bölme-де студенттер мектеп кураторлары мен мектеп негізін қалаушылар әзірлеген үш негізгі дәрістерден өтеді:
1. Визуалды композиция: Бұл сабақта сіз кескіндеме теориясындағы композиция негіздерімен танысып, бұл дағдыларды әртүрлі медиумдарда қолдануды үйренесіз;
2. Сыни оқу және жазу: Топтық оқу арқылы біз әртүрлі әдебиет көздерімен және концептуалды, философиялық ойлармен танысамыз. Бұл ұғымдарды шығармашылық және жазбаша жаттығулар арқылы өз тәжірибеңізде қалай қолдануға болатынын қарастырасыз;
3. Кеңістікті тану: Бұл сабақ сәулет өнері мен объект жасаудың қиылысында әзірленген дәріс; онда сіз күнделікті, қарапайым нысандардан үш өлшемді көркем шешімдер жасап үйренесіздер.
Бұл дәрістер көркемдік, дизайн және сәулет салаларында өз тәжірибесі мен шығармашылығын дамытқысы келетін мамандар үшін пайдалы. Бұл шығармашылық білім негіздері студенттердің өз идеяларын жетілдіріп, оларды әртүрлі пішін мен медиумдар арқылы аша білуіне көмектеседі.
Негізгі дәрістер кураторлары
Медер АхметовКөпсалалы суретші, сәулетші және куратор (Қырғызстан)
Дәстүрлі медиумдарды үйрену
2024 жылы Bölme мектебінің алғаш бағдарламасында біз жас мамандардың көпшілігінде практикалық және қолданбалы қабілеттерді үйрену мүмкіндігі сирек кездесетінін түсіндік. Сондықтан біз мектеп студенттері үшін жаңа медиумдар мен көркем әдістерді үйренуге қолайлы ортаны әрі қарай дамытуға, сонымен қатар, өзіміз және болашақ студенттеріміз үшін мәдени және концептуалды тұрғыдан қызықты материалдарды таңдауды маңызды талабы деп көрдік.
Біз Орталық Азияға дәстүрлі болып табылатын және қазіргі уақытта аймақтағы экологиялық және экономикалық өзгерістерге байланысты үлкен қауіп төніп тұрған екі медиумды таңдадық.
2026 жылғы бағдарламасына біз келесі дәстүрлі медиумдарға назар аударуды жөн көрдік: жүн – Орталық Азияның көшпелі мәдениеттері арасында модульдік тұрғын үйлер (киіз үйлер) және тұрмыстық заттарды (гобеленнен киімге дейін) жасау үшін пайдаланылған берік және жан-жақты материал; және Орталық Азиядағы Сырдария мен Әмудария өзендері бойында кең таралған сазбен жұмыс істеу әдістері, олар салқын жаздық саз бен шөптен жасалған үйлер (саман үйлер), тұрмыстық заттарды (пештер, керамика) және т.б. жасау үшін кеңінен қолданылды.
Біздің осы материалдарға мен медиумдарға көңіл бөліп, олармен байланысты әдістерге қызығушылығымыздың көптеген себептерінің бірі - олардың беріктігі, тұрақтылығы және икемділігі. Жүн де, саз да оңай қалыпқа түсіп, модельдеуге немесе мүсіндеуге және құрылысқа жарамды болып келеді. Оларды пайдаланудың және қолөнер жасаудың бірнеше жолы бар.
Жүн және киіз
Жүннен жасалған киіз басу әдістеріне сумен киіз басу, құрғақ киіз басу, нано-киіз басу және жүн мен чиді пайдаланып шымши тоқу жатады. Ғасырлар бойы бұл әдістер көшпелі және отырықшы мәдениеттерге ылғалға, шаңға және суыққа төзімді кілемдер, гобелендер және кілемшелер сияқты жалпақ жабындылар жасауға мүмкіндік берді. 2026 жылғы Bölme мектеп бағдарламасында біз киіз басу материалдары мен әдістерінің қазіргі заманғы өмір мәдени тәжірибеге қосар көркемдік және дизайндық үлесін қарастырамыз.
Саз және керамика
Орталық Азияда кең таралған саз топырақтың сипаттамалары көбіне жоғары сапасымен танымал емес. Бұрынғы Арал теңізі, Сырдария және басқа да көптеген өзендер мен көлдердің айналасындағы және сол жерлердегі топырақ эрозиясы әлі де зерттелуде. Дегенмен, ғасырлар бойы жазғы тұрғын үйлер, дәстүрлі пештер мен керамика, сондай-ақ аймақтағы керемет сәулеттік құрылымдар саздан безендіріліп, салынған. Бағдарламаның бөлігі ретінде біз Орталық Азияда қолжетімді сазбен болашақта жүргізілетін тәжірибелердің мүмкіндіктерін зерттеп, оны басқа да материалдармен қалай араластырып, нығайтуға болатынын түсінгіміз келеді.
Дәстүрлі медиумдарды үйрететін шеберлер
Күлжахан Оңғарова Суретші, қолөнерші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (Қазақстан)
Алтынай БайжановаСуретші, керамика шебері (Қазақстан)
Бағдат СәрсенМүсінші-керамист, суретші (Қазақстан)
Зерттеу сапарлары
Біз жоғарыда аталған материалдар мен медиумдарды жақсырақ тануға көмектесетін екі зерттеу сапарын жоспарлап отырмыз. Олар сондай-ақ жергілікті қауымдастықпен де танысуға мүмкіндік береді.
1-сапар: Шымкентке (Оңтүстік Қазақстан) және Ташкентке (Өзбекстан)
2-сапар: Бішкекке (Қырғызстан)
* Грант алған оқушылардың сапарларының шығындарын Bölme мектеп қамтамасыз етеді. Дегенмен, егер бірнеше рет сабаққа қатыспаса (төрттен көп), сапар басқа студенттерге тағайындалады.
** Грант алмаған студенттер өз шығындарын өз қаражаттарымен өтей алса, сапарға қатыса алады.
Дәріс оқушы мамандар туралы
Шақырылған лекторлардың тізімі әлі де толықтырылады:
Асел АлмасТәуелсіз зерттеуші және әлеуметтік кәсіпкер, Beyitter жобасының со-авторы (Қырғызстан).
Әсел НүсіпқожановаСуретші, көпсалалы дизайнер, Dunie Design және ASSEL брендінің негізін қалаушыларының бірі (Қазақстан)
Дидана СусееваҚырғызстанның Дінтану орталығының жоба үйлестірушісі және Beyitter жобасының со-авторы (Қырғызстан).
Назиля НагимоваСуретші (Германия)
Назира КаримиСуретші және режиссер (Қазақстан)
Саид АтабекСуретші (Қазақстан)
Улан ДжапаровСәулетші, тәуелсіз куратор, суретші (Қырғызстан)
Юлия ХанФотограф, Алматы қ. Dunie Design студиясының көркем жетекшісі, ALALA музыкалық платформасының негізін құрушыларының бірі (Қазақстан).
Тапсырма және қорытынды жобалар
2026 жылы Bölme мектебінің студенттері кескіндеме және сәулет өнері тұрғысынан «negative space» ұғымын зерттеп, көркемдік шешімдер мен қорытынды жоба жасау үшін осындай кеңістіктер мысалдарын өздері таңдай алады.
Қорытынды жобалар макет, эскиз немесе дайын түрде ұсынылуы мүмкін. Bölme студенттері өз жобалары жайлы өзгеше пікірлер мен сыни сұрақтар алуы үшін қорытынды көрсетілімге тәуелсіз сарапшылар шақырылады. Сондай-ақ, студенттер өз жұмыстарын көпшілік алдында көрсету мүмкіндігі болады.
Гранттық орындар
| Алматы қаласының тұрғындарына арналған гранттар | Қазақстан аймақтарына, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандықтарға арналған гранттар | |
|---|---|---|
| * | 2026 жылы Aliph Foundation қорының грантының арқасында біз Алматыда тұратын 10 студентке гранттық орын ұсына аламыз. | Сонымен қатар, Sär Foundation қорының қолдауының арқасында 2026 жылы Bölme мектебі Алматыдан тыс жерде тұратын студенттерге – яғни, Қазақстан аймақтарының тұрғындарына, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандықтарға арналған 3 стипендиялық орын ұсына алады. |
| Гранттар келесі шығындарды қамтиды: |
|
|
| Ескертулер | Гранттар тамақтану, қала ішіндегі көлік немесе басқа да жеке, тұрмыстық шығындарды қамтымайды. |
Ақылы орындар
Bölme пәнаралық мектебінің оқу бағдарламасы таңдалған қатысушылар үшін ақылы болады. Төрт айлық оқу ақысы 80 000 теңгені құрайды.
Сәтті қатысушылар оқу бағдарламасы басталғанға дейін оқу ақысын төлеуі қажет.
* Bölme пәнаралық мектебі коммерциялық ұйым емес. Қатысушылардың оқу ақысынан және серіктес гранттарынан түскен барлық қаражат тікелей бағдарламаның шығындарын жабуға жұмсалады.
** Грант ұтып алмаған студенттер зерттеу сапарларының шығындарын өздері өтей алған жағдайда ғана бірге бара алады.
Серіктестер мен қолдау көрсеткендер
2026 жылы Bölme пәнаралық мектебінің жобасы келесі демеушілердің қолдауының арқасында жүзеге асырылды:
- халықаралық ALIPH Foundation қоры мен Еуропалық Одақтың бірлескен қаржыландыруы;
- аймақтық студенттерге арналған стипендияларды қолдаған Sär Foundation қоры;
- Данагүл Төлепбай
Академиялық серіктестер:
Сәтпаев университетінің Т. Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты
Ақпараттық серіктестер:
98mag



