Өтінім беру

Bölme пәнаралық мектебінің бағдарламасына қатысуға өтінім беруге асығыңыз!

Мәдениет салаларындағы мамандарға арналған Bölme пәнаралық мектебінің төрт айлық оқу бағдарламасы 2026 жылдың 13-мамырында басталады.

Өтінім беру мерзімі: 20.04.2026 23:59 GMT+5 дейін.

«Bölme» пәнаралық мектебіне қатысуға кімдер өтінім бере алады?

«Bölme» пәнаралық мектебіне қатысу үшін:

  • Сіз 21 жаста немесе одан үлкен болуыңыз керек.
  • Сіз мамандырылған орта білім беру ұйымының студенті немесе түлегісіз (колледж, техникум, т.б.);
  • Сіз қазір университет студентісіз, немесе;
  • Сіз жоғары оқу орнын бітіріп, кәсіби және өнер ізденіс үстінде жүрген жас мамансыз.
  • 2026 жылдың 13 мамырынан 13 қыркүйекке дейін, яғни, төрт ай бойы аптасына үш күн (апта күндері кешке, бір толық демалыс күнін) оқу бағдарламасына арнауға мүмкіндігіңіз бар болуы тиіс.

*Мектеп Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Орталық Азия елдерінің азаматтарынан өтінімтер қабылдайды.

Өтінімді толтыру үшін қандай құжаттар қажет?

Сілтемеге өту арқылы өтінішті толтырып, келесі құжаттарды тіркеу керек:

  • CV/түйіндеме (өзіңіздің біліміңізді, жұмыс тәжірибеңізді және маңызды деп санайтын барлық нәрселерді көрсетіп, екі беттен аспайтын PDF файл);
  • портфолио (суреттері бар 10 слайдтан аспайтын PDF файл: онда көркемөнер, сәулет өнері, дизайн, мәдениет саласындағы зерттеу жұмыстарыңыз, эскиздер, орындалған немесе жоспарланған жобаларыңыз, фото немесе видео-бейнелерге сілтемелерді көрсетуге болады);
  • ынталандыру хаты (болашақ кәсіби мақсаттарыңызға әсер еткен бұрынғы жұмыс тәжірибеңіз, неліктен Bölme бағдарламасына қатысқыңыз келетіні туралы айтып беріңіз, максимум 1000 сөз).

Гранттық орындар

Bölme пәнаралық мектебінің 2026 жылы өтетін оқу бағдарламасына келесі гранттық орындар бөлінген:

  • Алматы қаласының тұрғындарына арналған гранттық орындар. Грант студенттердің оқу ақысы, бағдарлама кезіндегі оқу және жұмыс материалдары, бағдарлама кезіндегі екі зерттеу сапарының шығындарын қамтиды.
  • Қазақстанның аймақтық өңірінде немесе басқа да Орталық Азия елдерінде тұратын қатысушыларға арналған гранттық орындар. Грант бағдарлама ақысын, бағдарлама уақытында Алматы қаласында тұруды және Алматыға келіп-кету жолын, екі зерттеу сапарларының шығындарын қамтиды.

Егер сіз гранттық орынға тапсырғыңыз келсе, Google form-дағы өтінімнің 5 бөлімінде "Бағдарламаға қатысуға қаржылай мүмкіндігіңіз бар ма?" деген сұраққа "жоқ" деп жауап беру керексіз.

Өтінім беру